Елімізде бір аптада 2 700-ден астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
Бір апта ішінде 2 738 қылмыс жасалды, оның 1 651-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіру, төрт өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, үш қарақшылық, 29 тонау және 402 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифиңде.
