Жаңаөзенде дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді

Елубай Әбілов Өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында 2015-2017 жылдары моноқалаларды дамытудың кешенді жоспары мен 2012-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу жоспары сәтті іске асырылып жатқанын атап өтті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, мектепке дейінгі 3-6 жастағы балаларды  оқытып, тәрбиелеуді қамту 72,23%-ды құрады,  облыс бойынша орташа көрсеткіш  —  83,5%.

«Жаңаөзен қаласында №18 мектепте балалар үш ауысымда оқыса, №19, 21 мектептерде қауіп байқалатынын хабарлады. Биыл Нұрлы жол бағдарламасы бойынша 320 орындық 3 орта мектепті салу басталды. Құрылыс Рауан, Рахат және Арай аудандарында жүріп жатыр. Яғни, 2018-2019 оқу жылында 3 ауысымдық оқыту  болмайды. Бұған республикалық бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлінді», — деп хабарлады қала әкімі Е. Әбілов.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов үш мектеп құрылысын 2018 жылы наурызда аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, қала мектептерінде педагогикалық, медициналық мамандар тапшылығы мәселесі көтерілді. Қала бойынша физика, математика, орыс тілі, биология пәндері бойынша 45 мұғалім және 60 дәрігер жетіспейді.

ДереккөзInform.kz