Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Мұғалімдердің жалақысы көтеріледі — Білім министрі

«Педагогтардың жалақысы тым төмен екендігімен келісемін. Біз бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Барлық жаңашылдықтарды педагогтармен бірге талқылайтын әдетіміз бар, сондықтан қаржылық мәселелерді де мұғалімдермен, Үкіметпен және Мәжіліспен бірге талқылайтын боламыз. Біз 2017 жылғы бюджетте педагогтардың жалақысын көтере аламыз деп үміттенемін. Педагог мамандығы әжептәуір беделді болады», — деді ол.

Оның сөзінше, жақын жылдары Қазақстан үшін балабақша, мектеп пен жоғары оқу орындарына қосымша 200 мың педагог қажет болады.

Мақалаға реакция

54 Пікір

  1. Ж
    Жанар 9 жыл бұрын
    Педагог психологтардын акшасын котеру керек.
    1. А
      Аноним 8 жыл бұрын
      ИЯ КӨТЕРУ КЕРЕК ЖАЛАҚЫСЫН
  2. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Психологтардың істейтін жұмысы жоқ. Оқу орынбасарлардың жалақысын көтеру керек....
  3. М
    мисс 9 жыл бұрын
    Мен баска республикада окыганмын колледжде енди алматыда универде окиндеп едимм кай мамандыкк жаксыы кызбала ушин жасим 20да
  4. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Сынып жетекші баріне күйетін Сынып жетекшілікті көтеру керек
  5. Г
    Гүлден Заханқызы 9 жыл бұрын
    Əсіресе балабақша қызметкерлерінің жалақсын көтерсе дейміз. Негізі өмірге жаңа қадам басқан баланы тәрбиелеп, білім беру ең қиын жұмыс екенін үкімет басшылары ескерсе екен деген өтінішіміз бар
    1. А
      Аноним 8 жыл бұрын
      Өте дұрыс айтасыз.Тəрбиешінің жұмысын тəрбиеші болып жұмыс істеген адам ғана түсінеді.Тілі шықпаған баламен түрлі тəрбие жұмысын өткізу оңай шаруа емес.Германия алты балаға екі тəрбиеші ұстайды ..ал бізде 25 бала
  6. Ж
    Жанат 9 жыл бұрын
    Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдерінің жалақысын бірінші кезекте көбейту қажет. Жоғары сыныптың мұғалімдері оқып, жаза алатын дайын баламен жұмыс жасайды, сондықтан оларға көп ауыртпалық жүктелмейді. Ал 6 жасар балаға қаламсап ұстатып, әріптерді таныту үшін үлкен күш-жігер қажет. Екіншіден, бастауыш сынып мұғалімдерінің зейнет жасын ұзарту тіпті миға қонымсыз. Оларды зейнеткерлікке 58 жаста шығарудың өзі тым ұзақ. Бастауыш сыныптың баласымен 63 жасқа дейін жұмыс жасау психологиялық тұрғыдан алғанда адамды зейнетке емес, жындыханаға жіберумен тең.
  7. Е
    Еркежан 9 жыл бұрын
    Жанат айтқан пікірге толық қосыламын Білімнің негізі бастауышта қаланады.Баланы ең алғаш сауаттандыратын бастауыш пәнінің мұғалімі.63 жастағы кемпірде не ми қалатынын өзіңіз ойлай беріңіз. Келешек ұрпақ қамын ойласаң, мұғалімнің мәртебесін,жағдайын көтеру керек
  8. Н
    Нағима 9 жыл бұрын
    Мұғалім деген мамандықты таңдап алған əр бір жанның жүрегінде сол мамандыққа тартып тұратын бір күш болады. Міне сол күшін білімін барын салып бала оқытып оны тəрбиелеп адам қылып шығаратын ұстазға қанша көп жалақы берсеңізде ол оның қажеттілігінің бір бөлшегін толтыруға ғана жетеді. Осы бізде мұғалімнің беделін жалақысын көтеру мəселесін қайта қайта қарастыра бермей нақты бір тоқтамға келетін кезге жеттік. Құрметті білім ғылым министрі сіз осы мəселені майдалап пайыздарға бөле бермей нақты шешіп бекітсеңіз нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет
  9. А
    Асыл 9 жыл бұрын
    Балабақша тəрбиешілері үнемі стресстік жағдайда жұмыс жасайды, өйткені балалардың барлығы бірдей айтқанға көнгіш тілалғыш емес, оның үстіне ата-аналар да қит еткенді сөз қылып тəрбиешіге ауыр сөздер айтып жатады. Тəрбиешілер балалардың өміріне, денсаулығына жауап беріп, олармен үнемі оқу-тəрбиелік іс-шараларды жүргізіп, өмір бітпейтін жоғарыдан келетін тапсырмалар мен жылма жыл өзгеретін стандарт талабына сай жоспарлар, күнделікті өтетін іс-шаралардың қағазын толтырып отыру міндеттелген, одан қалса жоғарыдан келетін таусылмайтын іс-шараларға қатысуы керек.Тапқан табысыстарының тең жартысы балабақшаның жыртығын жамауға жұмсалады. Сонда тəрбиеші нің алған жалақысы шайлығына жетпей, айдағанның құлы болып еңбек етсе оның қоғамдағы беделі қандай болмақ. Мұндай жағдайда тəрбиешінің бойынан қандай ізгі қасиеттердің өөі-ақ жоғалады. Құрметті министр мырза, жоғарыдағылар тəрбиешілер еңбегін əділ бағаламайынша балабақшаға өз істеріне жауапсыз мамандардың көбеюіне əкеледі.
  10. Ж
    жан 9 жыл бұрын
    Қойыңдар қайтесіңдер жалақыны, сендерді қораз кәмпит бергендей алдай салады. Биыл миллиардқа кітап шығарады. 1-2 жылда латын әрпімен тағы миллиардттарға кітап шығарады. 2017 жылы шыққан кітаптарға кеткен ақша желге ұшады.Бірақ мұғалімдерге ақша қоспайды, тек білім саласына миллиардтаған ақша бөлінуде деп есеп беред.Алла бұйыртса 2019-2020 жылдары тағы жаңа кітап шығаратын шығармыз қазынадан миллиардтарды шашып, Түркияға ,Қытайға тапсырыс беріп. Қазақстанда баспалар жоқ ау шамасы.
  11. А
    Аинура 9 жыл бұрын
    Мектеп окушыларын толыктай окулыкпен камтамасыз етип ауыр китаптарды котерип журген китапханашынын жалакысы томен оз акшасына проез шыгарып жок окулыкты баска мектептерден жинайды оны кери апарып береди
  12. Л
    Лайлим 9 жыл бұрын
    Мен де келисемин мугалимнин жалакысы оте томен айлык алып болганша шаш етектен карыз боламыз.Осыны ойлау керек атка минерлер кагаздан бас алмаймыз акша алып оны кагазга жумсаимыз,с онда биз кагаз жеймиз.жумысы ауыр алдыны келген 25 балага билим беру оте ауыр
  13. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Сынып жетекшини осиру керек
  14. Б
    Бағжан 9 жыл бұрын
    Мектептегі іс жүргізушінің жалақысын көтеру қажет алатын айлығы 30мың тенге оны қайда жеткізеді менің анам 7сағат жұмыс жасайды бірақ айлық осы осыған баса назар аударсаңыз министр мырза
  15. Ж
    Жанибек 9 жыл бұрын
    Мектеп есепшілерінің айлығын өсіру керек, Жалпы білім саласындағы азаматтық қызметшілердің барлығын бірдей пайызға өсірсе жақсы болар еді
    1. А
      Аноним 9 жыл бұрын
      Жанибек айтканына толык косыламын есепшілер сиякты стресте ешким журмиди,
  16. Г
    Гулшат 9 жыл бұрын
    сәлеметсіздер ма ! Әріптестер меніңше математика,химия,физика пәндері есеп шығарып милары шаршайды.Ал денешынықтыру ,сурет тағы басқа жеңіл пәндер жоғарыда аталған пәндермен бірдей жалақы алады сол себепті араларында айырмашылық болуы керек деп ойлаймын. Бастауыш сынып мұғалімдеріне сөз жоқ 100 пайыз қосса да артық болмайды таза еңбек солардыкы
  17. А
    анон 9 жыл бұрын
    Мұғалім деген кəсіп өте ауыр 300000 теңге беру керек
  18. П
    Перизат 9 жыл бұрын
    Менің пікірім сіздердің сөздеріңізге қосылам. Біздің мемлекетте айлық өте аз төленеді.Өз еңбегіне лайық баға жоқ. Білім саласына сонша ақша жүмсалады Ол ақша қалай,кімге,неге,жұмсалып жатыр.Кім жұмсап жатыр.Кітап шығарады.оны төрт жыл ұста дейді.Жарайды Түптеп келгенде баланы оқытатын да, тәрбиелейтін де нағыз еңбек мұғалімдікі Ақшаны бөліп жармай мұғалімдерге беру керек
  19. А
    Айдос 9 жыл бұрын
    Мугалимнин жалакысын тез Арада котерсе димин депутатта президенте Сол мугалимнен билим Аллы гой
  20. Д
    Дмлбар 03.12.2017ж 9 жыл бұрын
    Мұғалім жұмысы шын мәнінде, өте ауыр жұмыс. Сондықтан да ұстаздарға қалай құрмет көрсетсе де жарасады. Бастауыш сынып мұғалімінің жұмысы өте ауыр. Жаңартылған бағдарлама бойынша қаншама еңбек етесің, барлық ауыртпалық осы кісілердің мойынында.Оларға 500000 беру керек.Арабияда ұстаздарға 1000000 береді.Ал неге Қ.Р-да төмен.Жалақыны көтеру керек.
  21. А
    ааааббб 9 жыл бұрын
    Бұардың уәдесі қашан орындалады?қосылған ақша жоқ,жұмыс шаш етектен
  22. А
    Айгул 9 жыл бұрын
    Ия өте өзекті мәселе. Мұғалім оның ішінде бастауыш сынып алдымда 33 окушы өте ауыр жарты сыныпка сабак өткізетин агылшын орыс тйл пан мугалимдери киналады биздин не жанымыз бар ким тусинеди 80 мын тенге алатын айлыгымыз кайда жетеди. Бирак ешкимнин де осы маселени котерип жатканы жоқ
  23. А
    Арай 9 жыл бұрын
    Бəріненде еден жуушылардын айлығын көтерсе екен олардың стеген жұмыстары өте ауыр шелек шелек су көтеріп лас еденді тазарту оңай емес оқушылар қайтқансоң кластарды тазалап түн жарымында үйлеріне қайтады оларға да оңай емес ел ағаларына айтарым еден жуушылардың айлығын көтерсе екен
  24. А
    Арай 9 жыл бұрын
    Еден жуушылар 34мын айлық алады соларды бірінше ойласа екен ел ағалары ол ақшаман күн көру деген өте қыйн ғой жұмыстары өте ауыр
  25. Ж
    Жанар 9 жыл бұрын
    Тәрбиешілердің алып жүрген жалақысы тым аз.Біз жалақыны бала санымен аламыз.Бізде оклад жоқ.Құрметті министр мырза осы бала саны дегенді алып тастасаңыз екен.Күн көру қиындап кетті.Біз төрт жыл болды бала санымен жалақы алып жүргенімізге.Біздің жағдайымызды ескерсеңіз екен.
  26. С
    Самат 9 жыл бұрын
    Бастықтардың өтірігімен мəнсіз реформасына ұстаздар қауымы əбден тойды Басқа жол іздеу керек
  27. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    Қыпқыӡыл өтiрiк. Елдiң құлағына 200келi лапша iлу
  28. Ж
    Жанка 8 жыл бұрын
    Логопед дефектологтар 45 мын алады шымкентте тагы 9 дан 6 га дейн жкмысы деген киын айлыкты котерсе болады гой осы
  29. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    жақс
  30. А
    Айгүл 8 жыл бұрын
    менде осы әріптестерімнің айтқанына 100 пайызға құптаймын.Мына пенсияға 63 жастан шығару деген обал емес пе ,әйел -аналардың соншама қадір -қасиеттерін аяққа таптағандықпен пара -пар деп ойлаймын.Расымен 63-тнгі кемпір өзін әрең алып жүргенде,келешек ұрпаққа білім беріп,қалай жаңартылған мазмұнды бағдарламаны алға тартады.Тіпті көңілге қонымсыз.Байғұс аналар баланы тәрбиелеп,түн ұйқысын төрт бөліп,бала-шағасының қамын ойлап,ұстаздық мамандықты таңдағаны үшін кінәлі ме?Келешекте бала тәрбиелеп оқытатын ұстаздардың жоқ болып,кетуіне кім кепіл.Қазірдің өзінде жастар ұстаз мамандығын таңдауды да азайтып бара жатыр.60-63 аралығында балаға көп көрегендігін үйреткенімен,заманауи әдістермен алға сүйрелеуі өте қиынға соқтыратын шығар.Жоғарыда отырғандар мүмкін ойланар деген үміттемін Барлығыңыздың да аналарыңыз бар .Байқасаңыз әйелдер барлығына төзімді.Соны ескеру керек сияқты.Ауылдық жерлердегі ұстаздарды ойласаңыз тіпті елестете де алмаймын.Мүмкін бұл 63 жас қала әйел - аналарына арналған шығар.Себбебі :өздеріне күтім жасап,бір баладан артық тумай,астарына машина мініп жүргендерге жарасады.Рахмет
    1. Қ
      Қарт ұстаз 8 жыл бұрын
      Бұл депутат болып төрде креслода отырған шенеунік әйелдердің жылы орнынан айрылғысы келмегендігінің нәтижесі ғой , әйтресе олар ауылға тұрып көрсін . Сосын не айтатынын халық көрер еді .. Үйлестіре білген үкіметке елінің жағдайын толық жасауға мүмкіндік мол. Қазақ елі алла берген мол байлықтың үстінде отыр ғой. Тек оның игілігін басқалар көріп отырғаны болмаса. Сондықтан үкімет жиырылу крек Оз байлығымыздың игілігін де озіміз коруіміз керек. Шын экономистердің айтқанын тыңдау керек. 63 жасқа келген ауылдың әйел мұғалімінен болашағымыз балаларымыз не білім алады деп отыр екен ? Ол жасты ер адамның біразы көре де алмай ана дүниеге кетіп жатырған жоқ па ? Әлде еліміздің мақсаты сол ма еді ? Рас экономикасы дамыған шет елдерде зейнет жасы жоғары екенінін білеміз. Ау біз оны алу үшін жағдайымызды соған теңестіріп болмаса жақындатып алайық та. Мұғалімнің жалақысын да солардай төлейік. Мүмкін сонда артық ауысқан қаржысымен мұғалім қасқа денсаулығын түзетіп алып 63 жасқа қуатты күйінде жетіп қалар. Ал ол болмаса бәрі бос сөз.Тек еліміздің болашағын сауатсыз ету деп білемін
  31. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    Мектептің жанынан қарттар үйін және жындыхана салу керек. Зейнетке шыққан соң бірден қажет жеріңе кіре саласың. Егер зейнет жасына жетсең әрине.
  32. Г
    Гулім 8 жыл бұрын
    Айлықты бөліп жармай барлық мұғалімдерге бірдей төлеу керек
  33. А
    Айнұр 8 жыл бұрын
    Ия расында барлық мұғалімдерге бірдей қосу керек деп ойлаймын. Себебі ең ауыр кәсіптің бірі мұғалім.
  34. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    тех қызметкерлерге қосу керек себебі ең ауыр жұмыс соларда.
  35. Е
    Ерлан 8 жыл бұрын
    Бұл бағытта көптеген жұмыс жасау керек. Жоғарғы органдар көптеген алдау және арбау жұмысына салып мұғалімдердің үстінен сыбайластыққа баратын жол іздеуі анық. Мұғалімдердің наразылығын тудыратын жағдайға жол бермеу керек. Егер мұғалімдер НАРАЗЫЛЫҚҚА шықса елдің жоғарғы органга сенімі жоғалады. Себебі, мұғалім бұл Қазақстандағы саны жағынан ҰЛЫ ҚОЛ болып есептеледі. Мұғалімге берген жалақыңыз өз балаңыздың болашағына салған ақшаңыз. Ол ақша үшін шырылдап және ол ақшаны төлеу үшін түрлі әдістерді шығарып мұғалім миын ашытып нервына тиіп ызаландырудың керегі жоқ.
    1. Е
      Ерлан 8 жыл бұрын
      Бұл бағытта көптеген жұмыс жасау керек. Жоғарғы органдар көптеген алдау және арбау жұмысына салып мұғалімдердің үстінен сыбайластыққа баратын жол іздеуі анық. Мұғалімдердің наразылығын тудыратын жағдайға жол бермеу керек. Егер мұғалімдер НАРАЗЫЛЫҚҚА шықса елдің жоғарғы органга сенімі жоғалады. Себебі, мұғалім бұл Қазақстандағы саны жағынан ҰЛЫ ҚОЛ болып есептеледі. Мұғалімге берген жалақыңыз өз балаңыздың болашағына салған ақшаңыз. Ол ақша үшін шырылдап және ол ақшаны төлеу үшін түрлі әдістерді шығарып мұғалім миын ашытып нервына тиіп ызаландырудың керегі жоқ.
  36. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    Әрине мұғалім еңбегі өте ауыр.Жалақылары мәз емес.Тәрбие балабақшадан басталады сондықтан да оларды да,ұмытпай жалақы қосу керек
  37. Ж
    Жанар 8 жыл бұрын
    Иа.Балабакшанын жумысы оте ауыр.Тарбиешилерге нагрузка коп туседи.Балабакшанын айлыгын котереди ма екен.
  38. Ж
    Жанар 8 жыл бұрын
    Балабакшанын айлыгын котередима екен
  39. Д
    Дастан. 8 жыл бұрын
    Ең дұрысы, білім министрін командасымен ауылдық мектепке мұғалім етіп, тіпті болмағанда бір айға жіберсе, мәселе өзінен - өзі шешімін табар еді.
  40. А
    Айзада 8 жыл бұрын
    жалақыны көтергенмен жаңа заң шығуы бар неліктен сағат санын келесі жылға қысқартылады
  41. М
    Маржан 8 жыл бұрын
    балабақшаның ұстаздарының жалақысы қалай котеріледі? көтеріледі ме өзі? министрлікте отырған ханымдар мен мырзалар сізлерге айтарым адам баласы ең алдымен білім нəрін балабақшадан алатынын ұмытып кеткесіздер ме? оның қаншалықты жауапты жұмыс екенін білсеңіздер екен!
  42. А
    айнур 8 жыл бұрын
    мектептегі іс жұргізуші, хатшы, лаборанттардың айлығы өте төмен. сол жағы ескерілсе екен.
  43. Ж
    Жанар 8 жыл бұрын
    Мұғалімнің айлығын көтеруді айтып арзымаған ақша қосады . Бірлесе жаппай қосылады біресе жаңартылған білім бойынша деп ауызды толтырып айтқанымен қосатыны 2_3 мың теңге .Мұғалімдерді мәртебесін көтеру емес мазақ ету емеспе.
    1. Ж
      Жанар 8 жыл бұрын
      Мұғалімдер қағазбасты болып,алған жалақысын қағаздан артылмайтын болды. Мұғалімнің жалақысына келгенде барлығы ойланып қалады.Мұғалімдердің айлығы өздеріне де жетпейді.
  44. Ж
    Жанар 8 жыл бұрын
    Қаңтар айынан қосылады деп мұғалімдерді үміттендіріп қойды қосылған ештеңе жоқ.
  45. Ж
    Жанар 8 жыл бұрын
    Қаңтар айында қосылады дегені қайда қосқан түгі жоқ. Қосып болған соң айтпай ма қостық деп.
  46. Қ
    Қарт ұстаз 8 жыл бұрын
    Бұл депутат болып төрде креслода отырған шенеунік әйелдердің жылы орнынан айрылғысы келмегендігінің нәтижесі ғой , әйтресе олар ауылға тұрып көрсін . Сосын не айтатынын халық көрер еді .. Үйлестіре білген үкіметке елінің жағдайын толық жасауға мүмкіндік мол. Қазақ елі алла берген мол байлықтың үстінде отыр ғой. Тек оның игілігін басқалар көріп отырғаны болмаса. Сондықтан үкімет жиырылу крек Оз байлығымыздың игілігін де озіміз коруіміз керек. Шын экономистердің айтқанын тыңдау керек. 63 жасқа келген ауылдың әйел мұғалімінен болашағымыз балаларымыз не білім алады деп отыр екен ? Ол жасты ер адамның біразы көре де алмай ана дүниеге кетіп жатырған жоқ па ? Әлде еліміздің мақсаты сол ма еді ? Рас экономикасы дамыған шет елдерде зейнет жасы жоғары екенінін білеміз. Ау біз оны алу үшін жағдайымызды соған теңестіріп болмаса жақындатып алайық та. Мұғалімнің жалақысын да солардай төлейік. Мүмкін сонда артық ауысқан қаржысымен мұғалім қасқа денсаулығын түзетіп алып 63 жасқа қуатты күйінде жетіп қалар. Ал ол болмаса бәрі бос сөз.Тек еліміздің болашағын сауатсыз ету деп білемін
  47. Ж
    Жанар 8 жыл бұрын
    Мұғалімдердің айлығын ауыз бен бір шарықтатып көтеріп тастады сөздерінде тұра алмайтын билік басындағылар енді көтере алмаймыз деп сөздерінен тайқып шығу да. Көтермейтін болса мұғалімдерді ақымақ етпей айтпайақ қоя салу керек еді. Мұғалімнің беделін көтеріп жатқан жоқ керісінше түсіріп жатыр. Мұғалімдер барлығына бас изеп көніп жүре береді деп білгендерін жасауда. Сонда мұғалімдер халық арасында мазақ болды. Мұғалімдерді қолдан мазақ етіп ,беделін түсіріп жатыр. Жалақыны көтермейтін болса айтпай керек еді ойланып барып айту керек еді. Бірақ мұғалімдердің сөзін тыңдап жатқан ешкім жоқ. Жоғарыда билік басында отырғандардың мұғалімдерде шауасы қанша аш бала тоқ бала мен ойнамайды ғой.
  48. Г
    Гуля 8 жыл бұрын
    Бир депутат кокемиз 500 мын алады екен,депутаттар жалакысы коп кыскарту керек. десе. Ол неме жетеди деп жылаган екен етеги жаска толып.биз карапайым мугалимдер 52 мын алганымызга шукир таубе деп кун корип келемиз.52 мын аламыз онын 15мынын кагаз,ручка, балабакша корнекилиги деп жумсаймыз.кай жыртыгымызды жамаймыз.тобеде отырган кокелер сол айлыкпен кун коре аламекен,25 балага балабакшадагы карап коре алама.Эх кайрааан казак.