Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Еңбек министрі курьер ана туралы пікір айтты

Фото: Видео скрині

Не болды?

Сенат отырысында еңбек министрі Асқар Ертаев сәбиін арқалап курьер болып жұмыс істеп жүрген әйелге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Министрдің айтуынша, отбасы Астанаға басқа өңірден көшіп келген. Әйелдің техникалық және кәсіптік білімі бар, ал жұбайы IT мамандығы бойынша жоғары оқу орнында оқыған. Дегенмен қазір тұрақты жұмыс істемейді.

Жұбайының денсаулығына қатысты айтылған ақпарат расталмады. Отбасының шамамен 2 миллион теңге несиесі мен жеке көлігі бар. Бұған Шымкентте тұрған. Жақындарының да тұрақты табысы бар, ата-анасының жағдайы да жақсы, – дейді министр.

Министр жеткізу қызметімен айналысатын компанияның бұл әйелді жұмысқа шығармас бұрын нұсқаулық берген немесе бермегенін анықтау қажет екенін айтты. Сонымен қатар баламен жұмыс істеуге қалай рұқсат еткені әлі белгісіз екенін де алға тартты.

Қазір уәкілетті органдар мен жұмыспен қамту платформасы бұл мәселеге байланысты қосымша ақпарат дайындап жатыр. Министр келесі аптада талқы жалғасатынын мәлімдеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, елімізде ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге жетуі мүмкін.

Мақалаға реакция