Президент Ресейдегі елші Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін айтып өтті.

Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.

Еске салайық, Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.