Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, — деп жазылған құжатта.

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2001 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған.

2001 жылғы тамыз бен 2003 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеген.

2003 жылғы мамыр мен 2007 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарған.

2007 жылы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылғы желтоқсан мен 2008 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы президенті протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылғы желтоқсан мен 2009 жылғы қазан аралығында — ҚР президентінің баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылы Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011-2016 жылғы 6 мамырға дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі қызметін атқарған.

2016 жылғы мамыр мен 2019 жылғы ақпан аралығында ақпарат және коммуникациялар министрі.

2019 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың мамыры аралығында – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2020 жылдың 4 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

2022 жылы 11 қаңтарда ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

2023 жылдың наурызында ТМД Бас хатшысының орынбасары болды.