Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

2 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

2 шілде, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Алматыда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.