Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жекелеген жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады. Батыста жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында 15-20 м/с екпіндегі желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде  тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман, найзағай және 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.

Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында тұман, найзағай бақыланады.

Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

ДереккөзInform.kz