Астанада бүгіннен бастап Наурыз мерекесі тойланады

Атриумда үлкен сахна орнатылып, киіз үй тігілген. Келушілер үшін қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 20 наурызда сағат 16.00 мерекелік концерт өткізіліп, көрермендер түрлі ойындарға қатыса алады, елордалық би топтарының өнерін тамашалайды.

Сонымен қатар, 21 наурызда сағат 12.00-де ұлттық киім киген қыздар келушілерге бауырсақ ұсынады. Қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі қыран бүркіт мерекенің сәнін келтірмек. Көрермендер арасында түрлі жарыстар өткізіліп, сыйлықтар табысталады. Көпшілік назарына акробаттар шоуы, «Шашу» биі ұсынылады. Шара соңында мықты жігіттер «Қазақ күресінде» шеберлік байқасады.

22 наурызда сағат 16.00 елордалық топтардың қатысуымен концерт өтеді.

ДереккөзInform.kz