Наурызда заманауи қазақы үлгіде қалай киінуге болады?

Басыңызға күнделікті 2 кг сәукелені кию міндет емес. Заман ағымына сай өз келбетіңізді қалыптастырсаңыз болады. Қазақылығыңызды көрсету үшін минимализм стилін таңдасаңыз да жетіп жатыр.

Наурыз мерекесі кезінде басыңызға бөрік, тақия киюді қаламасаңыз, қазақы тәтілерді (диадема) тақсаңыз болады. Арнайы дайын бас киімдерді сатып алуыңызға немесе өз қолыңыздан даярлауға да болады.

Қазақ қызы, ұлттық киім

Киімге оюларды қалай үйлестіріп жапсыруға болады?

  • Кеңсе жакеттерін немесе костюмдерді жіңішке оюлармен безендерген жөн.
  • Кез келген белдемшеге қазақы оюлармен ұлттық нақыш берсеңіз болады. Алайда белдемешенің кең етекті болғаны абзал.
  • Тік жағалы жейденің жағасына айналдырып ою тігу әдемі үйлеседі.
  • Ұзын, бір түсті көйлектің беліне айналдыра жалпақ оюлар салуға, немесе оюлы белдік тағуға болады.

Қазақ қызы, ұлттық киімҚазіргі уақытта қыздар арасында күнделікті киім сыртынан қазақы кәжекейді киіп жүруді әдетке айналдырғандар да бар. Сондай-ақ ұлттық бейнеңізді аша түсетін әшекей бұйымдармен де өзіңізге мерекелік көңіл күй сыйлауыңызға болады. Көбіне қазақы бұйымдар түрлі-түсті болғандықтан, киіміңізді бір түсті етіп үйлестіргеніңіз абзал. Сол кезде адам назары бірден әшекейге түседі.

Қазақша әшекей бұйымНаурыз мейрамы кезінде ұлттық аксессуарларыңызды толықтырсаңыз болады. Қазіргі уақытта қазақы оюлы сөмкелер, әмияндар көпшіліктің сұранысына ие. Сондай-ақ ер адамдарға белдіктерді арнайы қазақы оюлармен даярлайтын шебер еңбектері де жоғары бағаланады.

Қалың көпшілік күнделікті қазақы үлгіде киініп, әрленбес. Дегенмен наурыз мерекесі — ұлттық бейнемізді бірізді ететін бірегей мейрам. Ұлттық нақыштағы киімдерді қызыл кілемшемен жүріп өтуге арналған немесе сахналық киім деп бағалайтындар қаншама? Алайда әр халықты ерекше етіп тұратын оның жеке келбеті, өзіндік ерекшелігі екендігі даусыз.