«Өмір деген — жизнь»: Қорғаныс министрі әскердегі суицид туралы айтты

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық жастардың әскерден қашуын тәрбиедегі олқылықпен байланыстырды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық жастарды көңіл көтеру орындарынан әскерге әкетіп жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Мәжіліс кулуарында қорғаныс министрі осыған байланысты пікір айтты.

Менің ойымша, бүгінде барлық проблема тәрбиеде…Баланы өзі, отбасы мен отаны үшін жауапкершілік ала алатын ер азамат етіп тәрбиелеу керек. Ал егер ол түнгі клубта демалып жүрсе, онда ол ер азамат емес, — деді Руслан Жақсылықов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Оның айтуынша, қорғаныс министрлігі әскердегі қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін бар күш-жігерін салып жатыр.

Өмір деген — жизнь, солай ғой? Өмірде бәрі болуы мүмкін. Мен сіздерге бір ғана нәрсе айтқым келеді: адамдармен жұмыс істейтіндер бұл өмірде ештеңеден сақтандырылмаған. Бірақ қарулы күштер басшылығы негативті жағдайларды болдырмас үшін барлық шараны қолға алып жатыр, — деді қорғаныс министрі.