Әскер Бейсенов қорғаныс министрінің орынбасары болды

Әскер Бейсенов қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.