Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, ай сайынғы төлемді 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндік беріледі.

Кредиторлар берешекті өндіріп алу бойынша сотқа және нотариусқа өтініш беруді тоқтатады.

Еліміздің барлық өңірінің әскерге жинау пунктінде әскерге шақырылғандарда кредит пен қарыздың болуы туралы ақпарат жиналып жатыр. Несиесі бар жастар жергілікті әскери басқару органы басшысының атына қарыз алушының аты-жөнін, төленуге тиіс соманы және қарызды төлеуге байланысты басқа да деректі көрсете отырып өтініш береді,  делінген хабарламада.