Елбасы облыс әкімдерін ауыстыру себебін айтты

«Маңғыстаудың әкімінің өзі министрдің бірінші орынбасары болуға сұранды. Кулагин де өзі зейнеткерлікке жасым келді, барлық жерде жұмыс істедім, рахмет деп сұранған соң рұқсатымды бердім. Қарағандының әкімі Әбдібеков өмірден озған Қозыкөрпештің (есеп комитетінің төрағасы Жаңбыршин) орнына келді. Ол жаққа Қарағандының тумасы, тәжірибелі жігіт Қошановты апарып қойдық. Бәрі де жұмыс істейді деп ойлаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. ҚР Президенті.

Сондай-ақ Елбасы Үкімет мүшелері 1972, 1973 жылы дүниеге келген азаматтар екендігін атап өтті.

«Тепсе темір үзетін, жұмыс істейтін кездері. Елге жақсылық жасайды деп қойдық. Сондықтан сеніп, қызметке қойып, тәрбиелеп, бірнеше жыл соған күшіңді салып, ақылыңды айтып жүргенде, олардың жемқорлыққа және басқа да күмәнді істерге қатысты болып шыққанда қатты ренжимін. Бұл менің көңіліме қаяу түсіреді», – деді ҚР Президенті.

ДереккөзNaryk.kz