Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі алғаш рет Конституциямен бекітілді

Жаңа Конституцияға 10  түрлі ұсыныс енгізілді. Депутаттар ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін Ата заңмен бекіткен. Яғни, алғаш рет Конституцияға «Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деп жазылды. Сондай-ақ енді президенттікке үміткерлерге де талап қатаң болады.

Нұрлан Әбдіров, Мәжіліс депутаты:

— Қарапайым қызметкредің өзіне жоғары білімі бар болу керек деп талап етеміз. Ал Елбасы, ең жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметке үміткерге оған ешқандай жоғары білімнің қажеті жоқ деген сөз ғой. Сондықтан біз оны міндетті түрде жазғыздық.   

Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астанаға беру туралы ұсыныс жоққа шығарылды. Астананың атауы ауыстырылмайды.

Жаңа Ата заң бойынша, Қорғаныс, Сыртқы істермен қоса Ішкі істер министрін де Елбасы тағайындайды. Қалған министрлерді премьер депутаттармен келісіп таңдайды. Парламент мүшелері тіпті оларды қызметтен боста да алады. Халық қалаулылары бірінші экономикалық блокка жауатыларды отставкаға жіберуді жоспарлап отыр.

Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты:

— Өйткені, экономикалық мәселелер басты назарда. Сондықтан осы саладағы басшылардың мәселесін бірінші қараймыз.

Сондай-ақ, Ата заңда лаңкестің оқиғалар ұйымдастырған террористерді азаматтығынын айыру да қарастырылған.

Жалпы алғанда, Конституцияға 26 өзгеріс енгізіліп отыр. Ал президент Үкімет пен Парламентке 35 түрлі билігін бөліп берді. Қос палата бірауыздан бекіткен жаңа Ата заңды Елбасы Конституциялық кеңестің қарауына жіберді. Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қол қоюы тиіс.

ДереккөзKtk.kz