Басты бетЖаңалықтарПрезидент Солтүстік...

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақордның Telegram каналы хабарлады.

Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сонымен бірге әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.