Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, — деп жазылған президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

Еске салайық, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды.