Ауа райы салқындайды — Қазгидромет

Көптеген облыстарда синоптиктер ауа-райы жауын-шашынсыз, салқын және түнде, таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжауда.

Ауа температурасының төмендеуі — Сібір ауа массаларының келуіне байланысты,  сондықтан температура да көпжылдық орташа мәндерден 2-6ºС  төмен болады деп күтілуде. Тек республикамыздың батысында температура нормаға жуық болады.

Алдағы үш күнде астанамызда жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -14-18°С, күндіз -5-8°С. 16 наурызда түнде және таңертен тұман болады.

Жақын күндері Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -2-4°С аяз, күндіз +3+6°С жылы болады.

Дереккөзkazhydromet.kz