15 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, 15-20 м/с екпіндегі желмен бірге бұрқасын жүреді.

Жамбыл облысының бірқатар аумақтарын тұман басып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде тұман болып, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Алматы облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.