Әншінің «Мейірімді бол» әніне бейнебаян түсіру Ғалымжанның жанкүйері әрі «Жүректен жүрекке» қорының мүшесі Мұратбек Кәрімнің ойы болған. «Мейірімді бол әніне бірлескен түрде бейнебаян түсіру туралы ойымызды Ғалымжанға жеткізгенде ол бірден келісті»-, дейді топ жетекшісі Әйгерім Жәрдемқызы.

«Күлкі терапиясы» акциясы аясында Атырау облыстық балалар ауруханасында, «Қарттар үйінде» және Алматы қаласында түсірілген бейнебаянды елімізге танымал жас режиссер Қанат Бейсекиев түсірген.

Олай болса, көңілге жылылық ұялатар әдемі бейнебаянды бәріміз бірге тамашалайық!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!