Енді «Алтын белгіні» министрлік емес, мектеп береді

Осыған дейін «Алтын белгіні» ҰБТ-дан кейін Білім министрлігі өз бұйрығымен бекітетін. Енді Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сәйкес, «Алтын белгіні» мектеп ұжымының өзі белгілейді. «Алтын белгіні» мектептердің ұятына қалдырдық», — деді Рамазан Әлімқұлов.

«Жылда бізде 5 мыңға жуық оқушы «Алтын белгіле» үміткер ретінде тіркелетін. Оның ішінде өткен жылы сол 5 мың оқушының 52 пайызы «Алтын белгісін» дәлелдеді. Енді «Алтын белгіні» бекіту құқығын мектеп ұжымына бердік. Бұрын «Алтын белгіні» Ұлттық бірыңғай тест тапсырғаннан кейін Білім министрлігі бұйрықпен бекітетін. Егер тесттен сүрінбей өтіп, білімін дәлелдей алса?  Ал қазір бұйрықты мектептің директоры шығарады. Мектептің директоры педагогикалық кеңестің шешімімен кеңесіп, бұйрығын шығарады. Биыл «Алтын белгі» иегерлері күрт көбейеді деген қауесет бар. Бірақ,  мына бір жайтты қаперде ұстаңыздар. Өйткені, осыған дейін «Алтын белгіні» алған бала Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылатын. Енді «Алтын белгі» мектептің рейтингісіне де әсер ете алмайды. Бірақ, «Алтын белгі» иегері мен басқа оқушының тестідегі балы бірдей болса, грантты «Алтын белгіге» беріледі. Рас, шетелдердің көбінде «Алтын белгі» деген жоқ. Шынын айтсақ, бұл кеңес өкіметінен қалған белгіміз. Бүгінгі күні балаларға мотивация берудің бірден бір жолы — «Алтын белгі», — дейді Жаңыл Жонтаева.

ДереккөзInform.kz