Бүгін Данияр Елеусіновтің туған күні

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 1991 жылы 13 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы, Қайыңды (Березино) ауылында дүниеге келген. Спортшы 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.

Данияр ЕлеусіновБоксшы сонымен қатар бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындарының жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан.

Құрама капитаны - Данияр Елеусінов
Әкесі Марат Елесінов ұлдарын, Дәурен мен Даниярды, жастайынан өзі жаттықтырған. Марат Елеусінов — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, былғары қолғап шебері.

Данияр Елеусінов әкесі
Данияр Елеусінов әкесімен

Спортшы қайырымдылықпен де айналысады. Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақыдан бөлек, боксшының туған жері — Батыс Қазақстан облысының әкімі берген 10 млн теңгені сал ауруымен ауыратын балалардың емі үшін «Бәйтерек» қоғамдық қорына аударды.

Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов ұлымен

Рио Олимпиадасындағы жеңісінен кейін спортшы кәсіпқой боксқа ауысты. Ол алдағы мамыр айында кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді.