Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды ресми түрде тіркеді. Бүгін оларға мәжілісітің куәліктері тапсырылды.
«Сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес, орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды жеті күннің ішінде тіркеуге тиіс. Комиссия мүшелері партиялар ұсынған тізімдерді бірауыздан мақұлдап, арнайы қаулыны қабылдады.
Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, бүгін сайланған депутаттардың өкілеті заңды түрде басталады.
Орталық сайлау комиссиясының тіркеуінен кейін сіздердің мәжіліс депутаты ретінде өкілеттеріңіз басталады. Халық қалаулысы болуыңызбен құттықтаймын. Сіздерді көппартиялы жағдайда парламентте заң шығару жұмысы күтіп тұр, — деді Нұрлан Әбдіров.
Айта кетейік, парламент мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Сайлаудың нәтижесі бойынша партиялық тізіммен алты партияның өкілдері өтті. Оларға барлығы 69 мандат берілді. Қалған 29 орын бірмандатпен сайланған депутаттар арасында таратылады.