Төрт өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
Ақтөбе (бір учаске), Ақмола (үш учаске), Солтүстік Қазақстан (сегіз учаске) және Қостанай (үш учаске) өңірлерінде республикалық маңыздағы жолдар жабылды.
Жоғарыда аталған өңірлердің аумағында орналасқан республикалық тасжолдарды күтіп-ұстаумен айналысатын жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Республикалық маңызы бар автожолдарда 400 бірлік арнайы техника мен 520 жол жұмысшысы қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.
Айта кетейік, бүгін таңертең Республикалық маңыздағы жолдардың екі учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
