ІІМ мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.
Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич ұсталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115-ші “Қауіп-қатер”, 147-ші “Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу”, 158-ші “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202-ші “Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру” және 293-ші “Бұзақылық” баптары қарастыратын айып тағылды, — делінген хабарламада.
Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады. Жауап алу барысында барлық шабуылды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені жеке себептер мен бірқатар қазақстандық танымал БАҚ өкіліне бұрынғы талаптарының болғанын мәлімдеді.
Клебанов-Маневич құқыққа қайшы жоспарын іске асыру үшін хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдаған. Арандату мақсаты мен нұсқасын өз бетінше таңдаған. Орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырған.
Тергеу жалғасып жатыр, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады.
Еске салайық, елімізде журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылға қатысты 18 адам ұсталды.