Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Президент биыл алғаш рет өңірдегі журналистерге пәтер табыстайтынын айтты

Фото: 1ul.ru

Не болды?

БАҚ қызметкерлері күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаев журналистермен кездесіп, сала өкілдерін әлеуметтік қолдау мәселесін көтерді. Президент биыл алғаш рет еліміздің әр өңірінде еңбек ететін журналистерге де пәтер берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекет басшысы журналистердің ұлт санасын қалыптастыруға, рухани құндылықты нығайтуға және ағартушылық қызметті дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты.

Сонымен қатар мемлекет медиа саласын қолдап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беріп отырғанын айтты.

Кәсіби мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Кейінгі үш жылдың өзінде Астанада 200 журналист баспаналы болды. Енді бұл бастаманың ауқымын кеңейтеміз. Ақпарат кеңістігінде тынымсыз еңбек етіп жүрген өңірдегі тілшілердің жұмысы да бағалануы керек деп есептеймін. Сондықтан биыл алғаш рет облыста жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады. Еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкері баспаналы болады, – дейді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер қауымы қоғамның дамуына атсалысуға тиіс екенін жеткізді.

Контекст

Естеріңізге салайық, президент Қазақстан мен Еуродақтың байланысын күшейтуге шақырды.

Мақалаға реакция