Журналистерге шабуыл жасаған күдіктінің сыбайластары анықталды

Ведомство мәліметінше, БАҚ өкілдеріне шабуылдар ұйымдастыру дерегі бойынша ұсталған О.Токаревтің сыбайластары – шетел азаматтары. Оған К.Литвинов, С.Шаповалов, Б.Демченко мен Я.Малышок деген азаматтар көмектескен.

О.Токарев ұйымдастырушы және үйлестіруші, ал қалғандары рекрутер болған. Олар Қазақстан азаматтарын арандату мен қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан және көлік өртеп, шабуылдарды әзірлеген. Токаревтің сыбайластары ашық дереккөзден жәбірленушіге қатысты мәлімет жинаған, мемлекеттік ақпараттық дерекке рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген.

Қазір бас прокуратура Токаревтің сыбайластарына халықаралық іздеу жариялау мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салайық, елімізде журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылға қатысты 18 адам ұсталды.