1. Қызығушылығына орай

Кофе печенье
©unsplash.com

Сыйлық алар кезде нәзік жандылардың қызығушылығын естен шығармағаныңыз жөн. Мысалы, анаңыз іс тігуді, құрақ құрауды жақсы көрсе, іс тігетін машинаның қажетті бөлшектерін алып беруге болады. Немесе жарыңыз түрлі тәтті тағамдарды пісіруді ұнатса, оған блендер, торттың қалыптары мен вафли пісіретін құрылғы алып беруге болады. Әпке-қарындас, сүйіктіңізге де солай. Есесіне, олар сүйікті ісімен айналысқан кезде сізді есіне алып отыратын болады.

2. Атаулы қасықтар

adme.ru/
©telegraf-spb.ru

Креативті сыйлықтардың бірі — атаулы қасық жасату. Оған «Қымбатты анашыма», «Сүйікті жарыма», «Қарындасыма» деген сынды ыстық лебізіңізді жаздыруға болады. Әдемі қорапшаға салып, жанына ашық хат жазыңыз.

Шай ішкен сайын сіз бен 8-наурыз ойына оралатын болады.

3. Үй жануары

Мысық
©informator.dp.ua

Бұл да сыйлық алатын адамыңыздың қызығушылығына байланысты. Алдымен оның қандай үй жануарын ұнататынын біліп алу керек: мысық, ит, тасбақа, тотықұс, т.б. Мысалы, сүйіктіңіз балықтарды жақсы көрсе, оған әдемі аквариум алып беруге немесе аквариумдегі балықтар коллекциясына тағы бір ерекше балық әперуге болады. Бұл оның қызғушылықтарын білетініңізді және қолдайтыныңызды білдіреді.

4. Бірге саудаға шығу

Шопинг
©smart-retailer.com

Бұл жерде азық-түлік саудасы емес, киім-кешек саудасы сөз болып отыр. Қандай сыйлық аларыңызды білмесеңіз, аруыңызды ертіп, сауда үйлеріне барыңыз. Ол жерден көйлек, сөмке немесе бас киім сынды ұнатқан затын алып беруге болады.

Әрине, бұл жағдайда анаңызға немесе сүйіктіңізге қайда баратындарыңызды айтпаған жөн. Бірінші сол маңайдағы тамақтану орындарына барып, кейін кездейсоқ сауда үйіне кіретіндей жоспар құрыңыз. Сіздің бұл «тосын» әрекетіңіз жағымды болары сөзсіз.

5. Тамақ пісіріп беру

8-наурыз тамақ
©adme.ru

Егер сыйлық алуға мүмкіндігіңіз болмаса, одан шығар жол бар. Қыздар қауымы оларға қамқорлық танытқанды ерекше жақсы көреді. Мысалы, оған арнап тамақ пісіріп беруіңізге болады. Анаңыз бұндай сыйлыққа қуанып қалары сөзсіз. Ал сүйіктіңізге бұл сыйлық арқылы аспаздық өнеріңізді көрсетуге болады. Тамақ дәмсіз шығып қалар деп қорқудың қажеті жоқ, бастысы бәрін махаббатпен жасаңыз.

сыйлық 8-наурыз
©bestow.ru

8 наурыз мерекесіне арналған сыйлықтар  топтамасынан керегіңізді таппасаңыз, алдыңғы тізімге көз жүгіртіп шығыңыз.

Ал сіз қандай сыйлық алатыныңызды шешіп қойдыңыз ба?