Аналар мен қыздар мерекесі жақындап келеді. Жақыныңызға не сыйлайтыныңызды әлі шешпедіңіз бе? Baribar.kz редакциясы сізге көмекке келеді. Назарларыңызға нәзік жандыларға ұнайтын сыйлықтардың бестігін ұсынамыз.
1. Арнайы жасалған зергерлік бұйым
Егер сүйген қызыңыз қандай да бір кітапты немесе фильмді ұнататын болса, зергерлік бұйымды сондағы кейіпкерлердің стилінде жасатуға болады. Қазір елімізде жеке тапсырыс қабылдап, сіздің қалауыңыздағыдай бұйымды жасап беруге әзір компаниялар өте көп.
Немесе дайын бұйымды сатып алып, соған өзіңіздің оған деген ең ыстық лебізіңізді жаздырыңыз. Сондай-ақ, кулонында қыздың есімі жазылған алқа сыйлауға да болады. Қыздар қауымына дайын өнімге қарағанда, атаулы бұйымдар ұнайды. Бұндай сыйлықты анаңызға да жасатуға болады.
2. Билеттер мен абонементтер
Аналар мен қыздарға сұлулық салондарына, фитнес-орталыққа, йогаға, биге, фотосессияға, сұлулық үйлеріне, киім бутиктеріне және басқа да түрлі шараларға алуға болады.
Алайда, бұл сыйлықты беруде сақ болған жөн. Мысалы фитнеске абономент ұсынсаңыз, сүйіктіңіз өзін толық сезініп қалуы мүмкін.
3. Косметика қорабы
Қыздардың бәрінде косметика бар. Тіпті боянбайтын қыздарда. Егер оған арналған қорап алып берсеңіз, сүйгеніңізге ұнайтыны сөзсіз.
4. Құтыдағы гүл
Гүлшоқтарын сыйлау қазір тым қарапайым сыйлық болып көрінуі мүмкін. Ал құтыда өсіп тұрған гүл сыйлаудың жөні бір бөлек. Ол уақытша емес, ұзаққа созылатын қуаныш сыйлайды. Әрі оны суарған сайын сүйіктіңіздің есіне түсесіз. Қазір нәзік жандылардың көбі «Әйел бақыты», «Жасмин», Гардения» гүлдерін ұнатады.
5. Қораптағы гүл мен тәттілер
Гүлшоқтары мен шоколадты бөлек-бөлек сыйлағанға қарағанда, оларды біріктіріп, бір әдемі қорапқа салып сыйлау да ерекше көрінеді. Хош иісті гүлдер мен тәттілер ханшайымыңыздың көңілін көтеретіні рас. Оның үстіне әдемі қорапты қосыңыз.
Ал сіз не сыйлауға болады деп ойлайсыз?
Аты Арай не силасам болады