Астанада 2,5 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. Бұл туралы Астана бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Нұрлан Таттыбаев айтты.
Мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы наурыздан бастап соттан тыс банкрот деп тануға 80 мыңнан астам азаматтан өтініш келіп түсті. Оның ішінде 16,7 миллиард теңгеден астам қарызы бар 8 986 азамат банкрот деп танылды.