Түркияға Қазақстаннан барған құтқарушылар елге оралды

Еліміздің құтқарушылары Газиантеп қаласындағы жойқын зілзала салдарын жоюға көмектесуге барған еді. Олар жеті адамды құтқарды. Үйінді астынан қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесін шығарды, 250 мың текше метрден астам үйіндіні бөлшектеді.

Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де тәулік бойы зардап шеккендерге көмектесті. Барлық жұмыс кезеңінде 200-ге жуық жергілікті тұрғын мен құтқарушыға, оның ішінде 30-ға жуық балаға медициналық көмек берді.

Фото: ҚР ТЖМ

Құтқарушы иттер бельгиялық малинуа Джейкоб, лига М Сириус және Аксель, Лабрадор Чарли Кинг, неміс овчаркасы Мирта, Гринпис деген бордер колли-нұсқаушылармен және құтқарушылар жасағымен бірге жұмыс істеді.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сонымен қатар шекаралас Сирияда да сезілді. Алғашқы соққыдан кейін тағы 20-дан астам дүмпу тіркелген.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек беруді тапсырған еді. 7 ақпанда Түркияға құтқарушылардың бірінші легі, 8 ақпанда екінші легі аттанды.

Мемлекет басшысы Түркияға жіберілген қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер марапатталатынын айтты.