Тоқаев үкіметке Түркияға шұғыл көмек беруді тапсырды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек беруді тапсырды. Сыртқы істер министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшып барады, — делінген хабарламада.

Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі құрбаны болғандар саны 912 адамға жетті, 5 385 адам жарақат алған.