Түркияға қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы барады

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін Түркияға ұшады. Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан аса түрі бар. Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны — 100 адам, — делінген хабарламада.

ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖ министрі Юрий Ильин құтқарушыларды жөнелтудің алдында нұсқаулық өткізді. Ол құтқарушыларға адамдарды іздеу және құтқару бойынша жауапты міндеттер жүктелгенін, сонымен қатар Түркия азаматтарының жер сілкінісінің салдарымен тезірек күресу мүмкіндігіне деген үмітін атап өтіп, құтқарушыларға туыстары мен жақындары арасына аман-есен оралуын тіледі.

Түркияға жіберілген қазақстандық құтқарушылар тәжірибелі мамандар, олардың азаматтарды құтқаруда және әртүрлі төтенше жағдайларды жоюда практикалық дағдылары мол.