Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін хабарланғандай, екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

ТЖМ құтқарушылар
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды.

Тиісті тапсырманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді.

Мақалаға реакция