Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек беру мәселесін қарастырып жатыр.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда, Ливанда, Кипр аралында және Иракта да тіркелді.

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа елдегі жер сілкінісінен қаза болғандар саны 5 434-ке жеткенін айтты. Қазіргі уақытта 31 777 адам жараланған.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек беру үшін Алматыдан Түркияға аттанды. Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.

Тиісті тапсырманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.