Сирияда жер сілкінісі құрбандарының саны 1,7 мыңнан асты

Идлиб, Алеппо, Хама, Лазкие және Тартус аудандарында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алеппо, Латакия, Хама және Тартуста 812 адам қаза болып, 1 449 адам жараланды. Қираған үйлер көп. Сирияның солтүстігіндегі оппозиция бақылауындағы аудандарда көптеген ғимараттар қирап, бүлінген.

Сирияның адам құқықтарын қорғау ұйымы (SNHR) және Сирияның азаматтық қорғаныс басқармасы Идлиб пен «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялары аймағында 970 адам қаза болып, 2,3 мыңнан астам адам жараланғанын хабарлады.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда, Ливанда, Кипр аралында және Иракта да тіркелді.

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа елдегі жер сілкінісінен қаза болғандар саны 5 434-ке жеткенін айтты. Қазіргі уақытта 31 777 адам жараланған.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек беру үшін Алматыдан Түркияға аттанды. Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.

Тиісті тапсырманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.