Жаһандық стратегия – «green» және «smart» технологияларына басымдық беру

Автоөндірушінің оптимизмі Changan Automobile тобының сату көлемі 2%-ке өсті. Бұл 2,3 миллион автокөліктен асқан 2022 жыл нәтижесінен біршама айқын болып көрінеді. Жылдық экспорт көлемі 48,83%-ке, жаңа энергия көздерімен жүретін автокөліктерді сату 150%-ке өсті. Бұл брендтің әлемдік авторетейлдегі өз үлесін ұлғайтуға ұмтылысын, сондай-ақ гибридтер мен электркарлар өндірісін дамыту ниетін көрсетеді. Компанияның стратегиялық жоспарында жаңа энергия көзімен жүретін автокөліктерді сату көлемі 2025 жылға қарай 35 % болуы керек, ал 2030 жылға қарай 60%-тен асуы керек. Қытайлық автоалыптың оң динамикасы қиындыққа тап болып жатқан әлемдік автоөнеркәсіптің динамикасына кереғар болғаны таңғалдырады.

Changan Automobile
Фото: Астана Моторс

«Жасыл» бағытпен қоса, Changan бренді smart-технологияларға да басымдық береді. Айта кетсек, Changan әлемдік автоөнеркәсіптің технологиялық көшбасшылары ондығына кіреді: оның қызметінің бейіні – автокөліктер өндірісі ғана емес, елеулі зерттеулер мен техникалық әзірлемелер де. Жыл сайын концерн түсімінің 5%-і Италияда, Жапонияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Германияда және Қытайдың өзінде орналасқан тоғыз ғылыми-зерттеу орталығы мен дизайнерлік орталықтардың жұмысына салынады. Сонымен бірге компания арсеналында бүкіл әлем бойынша әртүрлі 180 зертхана және түрлі жабынның 70 түрі бар. Азиядағы ең ірі сынақ полигоны бар.

Фото: Астана Моторс

Қазақстанға арналған жоспар: бәрі енді басталып жатыр

Changan бренді Қазақстанға 2022 жылдың екінші жартысында ресми түрде келді. Тап сол кезде қазақстандық «Астана Моторс» компаниясы мен қытайлық автоконцерн арасында дайын автокөліктерді жеткізу жөніндегі диструбиторлық келісімге, сондай-ақ қытайлық серіктестің Алматы индустриалды аймағында мультибрендтік толық цикл зауытын салу бойынша ірі әрі стратегиялық маңызы бар жобаны жүзеге асыруға қатысуы туралы меморандумға қол қойылды.

Қазір автокөліктер Қазақстанға Қытайдағы зауыттардан тікелей келеді. Осындай логистикалық бағдар тұрақты жеткізуді үзбеуге және дилерлік орталықтарда автокөліктер болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Changan біздің нарығымыз үшін өз желісіндегі ең танымал модельдерді таңдады.  Олар: CS35Plus және CS55Plus ықшам кроссоверлері, CS75FL орташа өлшемді кроссовері және брендтің технологиялы флагманы UNI-K.

Changan брендіне жататын, бірақ «made in Kazakhstan» деген таңбасы бар автокөліктер жайлы айтар болсақ, олардың өндірісі 2 жылдан кейін – шамамен, 2025 жылдың басында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Мультибрендтік зауыт базасында тағы екі қытайлық автобрендтің автокөліктері шанақты дәнекерлеу және бояу арқылы ұсақ торапты әдіспен өндірілетін болады, кәсіпорынның жалпы қуаты жылына 90 мың автокөлікке дейін шығаруға мүмкіндік береді.

Жаһандық тұрғыдан Changan өзінің модельдік желісін өте белсенді жаңартып жатыр. Оның қазақстандық дистрибьюторы ретінде біз жаңа көліктердің біздің нарығымызға барынша тезірек келгенін қалаймыз. Өзіміздің модельдік қатарымызды кеңейту үшін біз автокөліктердің әртүрлі сегментін қарап, Қытайдағы Changan International Corporation штаб-пәтерімен үнемі келіссөз жүргіземіз. Технологиялық мүмкіндіктердің, заманауи дизайнерлік шешімдер мен жоғары жайлылық деңгейінің үйлесімі – бұл барлық Changan автокөлігінің ортақ сипаты. Қазақстандықтар оларға лайық баға беретініне, демек, брендтің нарығымызда болашағы зор екеніне толық сенімдімін, — деді Қазақстандағы дистрибуция басшысы Сергей Галкин.

Фото: Астана Моторс

Қазақстанда қытайлық автобрендтердің «әлеуметтік мақұлдауға» ие бола бастағанын Қазақстан автокөлік бизнесі қауымдастығының деректері де көрсетеді. Осылай, 2021 жылы Қазақстанда автокөліктер сатылымында қытайлық брендтердің үлесі 3,7%-тен аспаса, 2022 жылы сатып алынған әрбір 10-шы жаңа автокөліктің шығу тегі Қытай болды. Бұған автокөліктің дилерлік орталықтарда үнемі бар болуы, қалта көтеретін құны, техникалық жабдықталуы және заманауи интеллектуал опциялармен толтырылғаны себеп болды.

Біздің автокөліктер нарығымыздағы ландшафт айтарлықтай өзгеріп келеді. Ал Changan мұндай өзгерістерден қазақстандықтар назары үшін күресіп көрудің тамаша мүмкіндігін көріп отыр. Біздің нарығымызға шыққан сәттен бастап жарты-ақ жыл ішінде Changan дилерлік орталықтары алты қалада ашылды, олар: Алматы мен Астанада екеуден, Шымкентте, Қарағандыда, Қостанай мен Оралда. 2023 жылға арналған жоспар – бүкіл елдегі автоәуесқойларға қазіргіден де жақынырақ болып, желіні 18 қалаға дейін ұзарту. Атырау, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау, Семей және Талдықорған – бренд келешекте дамуына зор мүмкіндік деп білетін қалалар.