Канело Головкинмен жекпе-жекке шығудан бас тартса, белбеуінен айырылады

Доминик Уэйдті айқын басымдықпен жеңгеннен кейін Геннадий Головкин: «Канело ма, әлде Хан ба – кім жеңетіні маңызды емес. Маған белбеуімді берсеңіздер болғаны» деген. Чемпионның осынау сөзінен кейін Канело Головкинмен шығудан қашқақтап жүр деген ақпарат пайда болды.

Айта кетейік, Канело немесе Сантос Сауль Альварес Барраган –  алғашқы орта және орта салмақ дәрежелерінде өнер көрсететін мексикалық боксшы. Ол WBC (2011—2013), WBA (2013), The Ring (2013) тұжырымы бойынша алғашқы орта салмақтағы әлем чемпионы. WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. WBC (2015) Гауһар белбеуінің иегері.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік боксшылар кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, егер ол шынымен де Головкинмен жұдырықтасудан бас тартатын болса, онда WBC  тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылады.

Бұған Канелоның не деп жауап қатқаны әзірге белгісіз. Геннадий Головкиннің келесі қарсыласының кім болатындығы 7 мамырда анықталмақ.

Дейтұрғанмен, желілерге Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің промо-ролигі шығып  үлгерді.

Дереккөзnur.kz