1 наурызға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 17-22 м/с, Жалаңашкөл ауданында 28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі.

Ақтөбе, Жамбыл облыстарында, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында да жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

ДереккөзBaq.kz