Қысқы универсиада: Қазақстан тағы бір күміс алды

Биатлоншы Александр Мухин ату рубеждерінде төрт рет мүлт кетіп (0+2+2+0), франциялық Аксель Гарньеден 24.8 секунд қалып қойды. Қола жүлдені Норвегия биатлоншысы Эрьян Мосенг еншіледі.

Бұл — Қазақстан құрамасының сегізінші медалі.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені биатлоншы Вадим Куралес алып берді.

Қалыпты трамплинде шаңғымен секірген спортшы Данил Васильев те алтын алды.

Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков алтын, Александр Мухин қола алған еді.

Шаңғы жарысынан эстафетадан Қазақстан қыздар құрамасы үшінші келді, ал трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.
Еліміздің шорт-трек бойынша құрамасы күміс алды.