Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Данил Васильев 257,3 ұпаймен қалыпты трамплинде шаңғымен секіру бойынша үздік атанды. Ол австриялық екі қарсыласы — Максимилиан Линчерді (екінші раундта Васильевтен озып кетті) және Тимон Паскаль Кахоферді жеңді.

Үздік ондыққа тағы екі қазақстандық — Сергей Ткаченко мен Никита Девяткин кірді.

Еске салайық, 15 қаңтарда универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түскен болатын.