Универсиада — 2023: бір күміс, бір қола

Шаңғы жарысынан эстафетадан Қазақстан қыздар құрамасы мәре сызығын үшінші болып қиды. Құрама фин спортшыларынан 12,4 секунд, ал норвег спортшыларынан 11,7 секунд қалыс қалды.

Ал біздің шаңғышылар соңынан жапон спортшылары келді. Олар Қазақстаннан 5,6 секунд артта қалды.

Эстафетада Финляндия құрамасы чемпион болды, норвегиялық студент қыздар күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан атынан Айша Рақышова, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина сайысқа түсті.

Трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасындағы Данил Васильев пен Сергей Ткаченко универсиаданың күміс жүлдесін иеленді.

Қазақстандық команда 470.3 ұпаймен австриялық командаға (470.5) жол беріп, Жапония спортшыларын (452.9) басып озды.

Осылай, Қазақстан қысқы универсиадада әзірше алты медаль алып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені биатлоншы Вадим Куралес алып берді. Қалыпты трамплинде шаңғымен секірген спортшы Данил Васильев те алтын алды. Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков алтын, Александр Мухин қола алған еді.