Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына жетінші медаль түсті

Еліміздің шорт-трек бойынша құрамасы аралас эстафетада 2:47.757 деген нәтиже көрсетті. Осылай, француздарға жол беріп (2:50.946), Жапония құрамасын артта қалдырды (2:48.561).

Командада Яна Хан, Мәлік Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Абулқатимов, Әділ Ғалиахметов пен Еркебұлан Шамұханов болды.

Бұл — Қазақстан құрамасының жетінші медалі.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені биатлоншы Вадим Куралес алып берді.

Қалыпты трамплинде шаңғымен секірген спортшы Данил Васильев те алтын алды.

Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков алтын, Александр Мухин қола алған еді.

Шаңғы жарысынан эстафетадан Қазақстан қыздар құрамасы үшінші келді, ал трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.