Мұғалімдер қағазбастылықтан босатылады

Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген Алқа отырысында айтты.

«Бiз бүгiнгi күнi қағазбастылықты, жазбаша есеп берудi алып тастай аламыз. Бiрақ, бiрқатар өзектi проблема бар. Бiрiншi кезекте — бұл мұғалiмдердiң тексерушi органдар алдындағы қорқынышы. Бiз мектеп ұстаздарымен және директорларымен сөйлестiк. Олардың барлығы «Бiз журналды жазбаша жүргiзе беремiз, өйткенi қорқамыз» — деді. Мен оларға «Ал егер қағаз журналға тыйым салсам, не болады?» деп сұрағанымда, олар «Онда бiз түнде жазып отырамыз. Себебi, бұл ақша, ертең бiздi оңдырмайды» деп жауап бердi», — дедi Сағадиев.

Сондықтан, министр мұғалiмдер қорықпас үшiн тексерушi қаржы органынан жазбаша есеп сұрау құқығын алып тастауды көздеп отыр. Осы мақсатта ведомство Қаржы министрлiгi мен Бас прокуратурамен бiрлесiп арнайы хат немесе бұйрық дайындамақ.

«Бiз қаржы министрiнен, ереже бұзылған жағдайда, осы iспен өзiнiң айналысуын өтiндiк. Себепсiз тексерiстерге Қаржы министрiнiң өзi жауап бередi. Бұл бiз үшiн аса маңызды», — дедi министр.

Сондай-ақ, министр мұғалімдерге олардың міндетіне кірмейтін жұмыстарды істетуге де тыйым салмақ. Соның ішінде түнгі уақытта үй-үйді, көшелерді аралап, тексеру жүргізуден де босатпақ.

ДереккөзBaq.kz