Наурыздан бастап Қазақстанда жасалған Nexia көліктері сатылады

Бұл жаңалықпен Ташкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметаралық екіжақты комиссиясының 16-шы отырысында AllurGroup президенті Андрей Лаврентьев бөлісті. Оның айтуынша, осы жоба бойынша GM Korea компаниясымен лицензиялық келісімге қол қойылмақ.

Қазіргі уақытта Ravon Nexia R3 көлігі елмізде ең көп сатылған жаңа көліктердің тізімін бастап тұр. Сонымен қатар, Қазақстанда өндірілген бұл көліктерге жеңілдетілген несие бар.

Nexia-лар, көлік, машина

«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» алғашқы кезеңде жылына 7000 Нексия шығарады. Ал кейін конвейерден Chevrolet Spark моделі де шығарыла бастамақ. Айта кетейік, 2017 жылдың қаңтарында Қазақстанда 124 жаңа Нексия сатылған.

Дереккөз Naryk.kz