Инстаграмның жаңа функциясы пайда болды (Видео)

Мультимедиалық контент свайптармен айналып тұратын «карусель» ретінде көрсетіліп тұрады. Қолданушы кез келген жазбаны бөліскенде, онда көк түсті нүкте тұрады. Бұл нүкте жаңа форматты білдіреді. Яғни, қолданушы онда бірден бірнеше фото мен видероликті көре алады. Бұл функция оқиғаны бірізді жеткізу үшін өте қолайлы.

Instagram компаниясы өкілдерінің айтуынша, жазбаңыздағы әр фото мен видеоларға жеке-жеке фильтр таңдауыңызға болады немесе барлығына бірден бір фильтр таңдап, достарыңызды белгілей аласыз. Сондай-ақ, әр фотоның сипаттамасы, геолокациясы әрі оларға басылған лүпілдер жеке-жеке көрінетін болады.

Бұл өзгерістер алдағы апталарда iOS- және Android құрылғыларына қолжетімді болады.

ДереккөзHitech.vesti.ru