Басты бетЖаңалықтарҚонаевтың бас...

Қонаевтың бас жоспары биылғы желтоқсанда дайын болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жасаған сапарында Қонаев қаласын экологиялық таза, өмір сүруге қолайлы «ақылды» шаһар ретінде қарастыратын жаңа бас жоспарын дайындауды тапсырған болатын. Сонымен қатар облыс орталығы мен G-4 City аумағында арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) құру жүктелді.

Бұдан бөлек, президент өңірге педагогика кадрларын және дәрігерлерді тарту үшін оларды баспанамен қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті.

Қазіргі күнде Қонаевтың бас жоспарын «Урбостиль» компаниясы әзірлеп жатыр. Бұл жұмыстар биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқталмақ. Кейін заңнамаға сәйкес облыс әкімдігі жобалық шешімдерді қала тұрғындарымен ашық талқылауды ұйымдастырады. Сонымен қатар бүгінде арнайы экономикалық аймақтардың тұжырымдамасын даярлау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл орайдағы жұмыстар аяқталған соң ҚР ИИДМ бекітілген заңнамалық талаптарға сәйкес АЭА құру туралы жұмыстарға кіріседі, — делінген хабарламада.