Samsung-тің бүктемелі смартфоны

Бүктемелі смартфон
Фото: samsung-galaxy-s7.ru

ET News ақпаратына сүйенсек, Samsung компаниясы 2017 жылы бүктелмелі экраны бар жаңа смартфонды таныстырмақ. Бұл смарфонның басты артықшылығы – жәй ғана әмиан ретінде бүктеп, қалтағы салып жүруге ыңғайлы.

Селфи арқылы төлем жасау

Селфи арқылы төлем жасау
Фото: masiev.com

Компанияның негізін қалаушы Джек Ма 2015 жылдың наурыз айында CeBit конференциясында селфи арқылы төлем жасау жүйесін көрсетті. Тіпті, сол арқылы төлем жасады. Аталмыш технология интернеттен сауда жасауды жеңілдетеді. Күрделі құпия сөз енгізу немесе ұзақ тексеру процесі қажет болмайды. Аталған төлем жүйесі 2017 жылы енгізілмек.

Бәріне қолжетімді реактивті сөмке

Реактивті сөмке
Фото: day-by-day.info

Жаңа Зеландиялық Martin Aircraft 2016 жылы Personal Jetpack атты реактивті сөмкелерді құрастыратындығын хабарлаған. Ал 2017 жылы бұл тауар түрлері нарыққа шығады. Сөмкенің құны – 150 мың доллар. Аталмыш технология иесі бұл сөмкені қолдану арқылы өзі де ұшады немесе қандай да бір тауарды өз бетінше ұшырып жібере алады. Өндірушілердің сөзіне сенсек, аталған реактивті сөмкенің жылдамдығы сағатына 74 шақырымға дейін жетеді.

Робот-полицей

Робот-полицей
Фото: televid.by

2017 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің тәртіп сақшылар департаменті әлемдегі алғашқы робот-полицейдің жұмысын бастайды. Робот сенсорлы экраны арқылы адамның түрін сканерлейді және даусын ажыратады. Түрлі сауалдарға жауап беру қызметіне ие. Қолдан жасалған тәртіп сақшылары алдымен Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимараты мен туристік орындарда пайдаланылады. Әрине, бұл роботтар қылмыскерлердің соңына түсіп, оларды қолға түсіруге толық дайын емес. Дегенмен, адасқан туристерге жол сілтеуге, құқықбұзушылықты видеоға түсіруге немесе тәртіп сақшыларын жылдам шақыру жұмысына өте ыңғайлы.

Алғашқы рет айға жеке ұшу мүмкіндігі

Айға ұшу
Фото: hi-news.ru

Американдық жеке Moon Express компаниясы 2017 жылы өз модулін айға ұшыруға рұқсат алды. Осыған дейін мұндай қадамға тек мемлекеттік корпорациялар ғана баратын еді. Ұлыбританиялық «Гардиан» басылымының мәліметінше, маңызды жобаны бастау жаз уақытына жоспарланған. Егер сапар сәтті өтсе, Moon Express Google-дан 20 млн доллар көлемінде сыйақы алады.

Жасанды жүрек

Жасанды жүрек
Фото: VistaNews.ru

Ресей 2017 жылы соғатын жасанды жүректі таныстырады. Соның көмегімен донорлық жүректі күтетін емделушінің өмірін 3-5 жылға созуға болады. ТАСС дерегіне сүйенсек, жасанды жүректі пластиктан, титаннан және тот баспайтын болаттан жасайды. Массасы адам салмағына байланысты 300-650 граммды құрайды. Сыртқы қозғалмалы аккумулятор энергияның көзі болады. Аккумулятор адам беліне ілінеді. Бұл механизм әлемдік ғылымға жаңалық емес, алғашқы рет осындай аппарат өткен ғасырдың аяғында қолданылған. Дегенмен, Ресей шетелдік технологияны отандыққа алмастыру жұмысын жүргізбек.

Қалталы компьютер

Қалталы компьютер
Фото: OSzone.net

Sirius A қалталы жан-жақты компьютері смартфонның да барлық қызметін иемденген. Мысалы, 6-дюймдік сенсорлық экран, 64 Гб-дық жад, камера, диктофон және т.б. Тағы бір артықшылығы, компьютер сынды барлық кабельдері құрылғыларды және USB жалғауға мүмкіндік беретін арнайы порттары бар. Ал Wi-fi-мен ғаламторға қосылуға болады. Сұр, күміс және алтын түстес нұсқалармен шығады. Бағасы – 699 доллар. Шығарушы — Ockel Computers компаниясы.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!