Қор нарығында доллар 3 теңгеге қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3 теңгеге өсті.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 04 теңге.

Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге.

Ал Астана бойынша сату бағамы – 470,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 474,5 теңге.

Ресей рублі 7,35 — 7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 7 қазан күні ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,77 теңге.