Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз болады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Оралда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында түнде 3 градус аяз болуы мүмкін.

Ақтөбеде түнде 1-3 градус аяз болады деп болжанған.